Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан тындырымды тірліктер өте көп. Облыс бойынша жұмыс істеген шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілерінің саны былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 177709 бірлік, яғни 106,2% болған. Ол еліміздегі ШОБ-тың жалпы үлесінің 15,4%-ын құрайды. Бұл – ел бойынша ең жоғары көрсеткіш. ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің ақпарына сәйкес, 2017 жылдың 1 тамызындағы есеп бойынша елде жалпы 1157092 ШОБ субъектісі жұмыс істеген. Атап айтатын болсақ, ТО нан кейін көш бастап тұрған үштікке  Алматы қаласы (ШОБ-тың 172880 субъектісі) мен Алматы облысы (111933) кіреді. Түркістан облысындағы шағын орта бизнестің жалпы санының 92640-сы жеке кәсіпкерлерге, 68627-сы шаруа және фермерлік қожалыққа, 16442-сы шағын және орта бизнестің заңды тұлғаларына тиесілі. Басым көпшілігі сауда саласында (34%) және АӨК-те (41%). Түркістан  шағын және орта бизнесте жұмыс істеп жатқандардың саны былтырғы жылғымен салыстырғанда 331490 немесе 101,3% болған. Батырхан Құрмансейіттің айтуынша, өнім шығару көлемінде де өсу бар. Жыл басынан бері облыстың ШОБ субъектілері 158,3 млрд теңгенің өнімін  өндірген. Ал осындай кезеңінде 154,8 млрд теңгенің өнімі шыққан болатын. Сондай-ақ басқарама басшысы өңірдің басқа да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жайлы ақпар берді. «осы кезеңінде облыс өнеркәсіптері 510,1 млрд теңгенің өнімін шығарған, – деді ол.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.