Түркістан облысы, Төлеби ауданында 120 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Жыл сайын 20 мың әйелге қолдау көрсетеміз – Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысындағы отбасыларға 161 млн теңге АӘК төленді Леңгір қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасымен құрылысы аяқталған 20 пәтерлі көпқабатты 6 тұрғын үй пайдалануға берілді. Олардың ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 60 отбасы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 3 адам, көпбалалы отбасылар санатындағы 57 жанұя бар. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі биыл да артады. Осының бәрі – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың жемісі. Жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтаймын»,- деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев. Жалпы, Төлеби ауданында барлығы 4520 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке тіркелген.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.