Айта кетерлігі, Түлкібас ауданы таулы аймақта орналасқандықтан алма бау шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. 2019-2025 жалдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, алма бау көлемін 5885 гектарға жеткізіп, алманы Түлкібас ауданының брендіне айналдыру мақсаты қойылған. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесінде 2007-2018 жылдар аралығында 1634 га жерге алма бауы отырғызылды. 2019 -2025 жылдары қосымша 2450 га жерге жоғары өнім беретін алма сорттарын (Голден Делишес, Семиренко, Мельба, Редделишес) отырғызу жоспарлануда, оның ішінде 2020 жылға жоспар – 200 га. Ауданда мал бордақылау алаңдарын ашу бойынша 2019-2020 жылдар аралығында өңірде өндірілетін ет көлемін 21,1 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, сүт қабылдау бекеттерінің қуаттылығын арттыруда аудан көлемінде 13 сүт қабылдау бекеттері «Майлыкент сүт» ЖШС және «Фуд мастер» АҚ келісім шартпен тәулігіне 24 тонна сүт өткізуде. 2019-2020 жылдары 6 сүт қабылдау бекеттерін іске қосып, тәулігіне қосымша 9600 литр сүт қабылдау көзделген.
Медиаон ақпарат