Қазіргі таңда еліміздегі егін алқабының көлемі 40 мың гектардан асады. Одан бөлек, 180 млн. гектар мал жайылымы бар. Қолда бар алтының қадіріне жете білсек, біздің ел әлем жұртшылығын азық-түлікпен қамтамасыз ете алары анық. Жалпы, ауылшаруашылығы – ел экономикасының драйвері. Сондықтан, Сайрам ауданының шаруалары ауылшаруашылығы өнімінің көлемін арттыру бағытында аянбай еңбек етіп келеді. Өткен жылы 52 288 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілген болатын. Одан 34 200 тонна бидай, 8 056 тонна майлы дақылдар, 123 946 тонна көкөніс, 60 200 тонна картоп, 18 100 тонна жеміс-жидек, 13 680 тонна жүзім және басқа да дақылдар жинап алынды. Сонымен қатар, 5,2 гектар жерге жылыжайлар салынып,      нәтижесінде жұмыс істеп тұрған жылыжайлардың көлемі 31,4 гектарды құрады. Ал, саны 105-ке артты. Олардан 2 мың тонна көкөніс жиналды. Сайрам ауданы әкімінің баспасөз хатшысының айтуынша, биыл 53,042 мың гектар егістік жер игерілмек. Осы жоспар ойдағыдай іске асатын болса, онда өткен жылғы көрсеткіштерден бірнеше есе көп өнім алынады деп күтілуде.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.