Толассыз жауған жаңбыр Мақтарал мен Жетісай аудандарының тұрғындарына қолайсыздық тудырды. Жауын-шашын мөлшері 16 күнде бір айлық нормадан 68%-ға дейін асып түскен. Қос ауданда су тарту жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов хабарлады. Ағынды суды бұру үшін 11 шақырымнан астам арық қазылған. 96 шақырымдық 32 канал мен 241 шақырым болатын 121 коллектор тазартылды. «Жұмыс басталғаннан бері 600-ден астам аула аумағынан 214 416 текше метр су тартылды. 24 каналдағы судың деңгейі төмендетілді. Жағдайдың күрделенуіне байланысты облыстың басқа да аудандарынан ТЖД құрылымдық бөлімдерінің күші жұмылдырылды. Жалпы бұл жұмыстарды 337 қызметкер атқарып, 131 мотопомпа және 37 техника пайдаланылды. Аулалардан және үйлерге жақын аумақтарды судан тазарту бойынша тұрғындар өтініші азайып келеді», — деді департамент бастығы.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.