Түркісан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында ет және сүт қабылдау бекеттері «Бизнес жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы арқылы ашылған болатын. «АгроНұрИнвест» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі мал бордақылау мен сою бекеттерін іске қосып, жұмысты жаңа бағытта іске асыруға кірісті. Аталған пункт 40 мыңнан аса халқы бар Қарабұлақ ауылдық округінде орналасқан. Субсидияландыру бойынша мемлекеттен қолдау алған бұл жобаның құны 9 млн теңгені құрайды. Биылғы жылдың 22 ақпанында құрылған кооперативте бүгінде 130 мүше бар. Қазіргі таңда бордақылаудағы мал басы 6130-ға жеткен. Әрбір жеке шаруаның орта есеппен бір айлық табысы 170 мың теңгеге тең. Бұдан бөлек, дәл осы ауылдан «Қарабұлақ сүт» ауыл шаруашылығы кооперативі жалпы құны 48 млн теңгені құрайтын 4 сүт қабылдау бекетін іске қосып отыр. Кооператив бүгінде сиыр басын 800-ге жеткізген.  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» қаржы алған кооперативтегі әрбір жанұяның орташа бір айлық табысы 178,5 мың теңгені құрайды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.