Ауыл шаруашылығы саласында өнімді игеру бойынша алдыңғы қатарда келе жатқан Түркістан облысы – «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруда да облыстар арасында үздік. Бүгінгі уақытта өңірде ет, май, ұн өнімдері ірі көлемде өндіріледі. Соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтер бойынша, облыста Өзбекстанға экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артқан. Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбековтің хабарлауы бойынша, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында ауыл шаруашылығының жапы өнім көлемі 146,6 миллиард теңгені құраған. Бұл былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 25,4 миллиард теңгеге артық. Ауыл шаруашылығы экспортының көлемі – 68,6 миллиард доллар. Бұл былтырғы көрсеткіштен 18,2 пайызға жоғары.  – 2018 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 4686,4 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34 пайызды құрады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы 448 мың гектар суармалы жерді игеру жоспары қазіргі таңда 3,3 пайызға артығымен орындалған. Бұдан өзге, биыл ауыл шаруашылығы саласындағы барлық техникалардың 6,2 пайызы жаңарды, — деді Серік Ордабекұлы. Бүгінгі уақытта облыста 60 мың шамасында үй шаруашылықтары мен шағын фермер мүшелерінен құралған 704 ауыл шаруашылығы кооперативтері өз жұмыстарын жүргізуде.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.