«Атап айтқанда, кәсіпкерлердің банктердегі кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға 4,2 млрд теңге бөлініп, 350 жоба субсидияланған. Кәсіпкерлердің банктердегі кредиттері бойынша ішінара 102 млн теңге бөлініп, 30 жоба кепілдендірілген. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар ұсынуға 60 млн теңге қарастырылып,  20 жобаға мемлекеттік гранттар ұсынылған», — деді Ғанибет Әубәкіров. Өңірде жыл басынан бергі негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі  163,5 млрд теңгені құрады. Бұл тұрғыда  Созақ ауданы (26,1 млрд теңге), Түркістан қаласы (16,6 млрд теңге) және Шардара ауданы (15 млрд теңге) көш бастап келеді. Инвестиция көзі болып табылатын жеке инвестициялар көлемі 94 млрд теңгеге жеткен. Облыс аумағында  инвестицияларды тарту бағытында қолайлы климат құру, сондай-ақ аймақтың әлеуетін арттыру мақсатында Елбасының 2018 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес көпсалалы «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.