Елбасының “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру”атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында жеке кәсіпкерлікпен айналысуға үлкен мүмкіндіктер жасап отырғанын айтқан болатын. Мәселен, Түркістан облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 1500 жобаға 43 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген. Нәтижесінде 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылып, бюджетке 63 млрд теңгенің салығы түскен. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әубәкіров мәлім етті,-деп хабарлайды. Ғанибет Әубәкіровтің сөзінше, аталған бағдарлама аясында 4,4 млрд теңгеге 400 жобаға қолдау көрсетілген. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың  қазан айына дейін 140 992 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, оның 129 мыңнан астамы мемлекетке салық төлеп келген.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.