Облыста жыл сайын бидай өңдеу көлемі артып келеді. Өткен жылы пайдалануға берілген құрама жем зауытының есебінен биыл бұл көрсеткіш 47% жетеді деп күтілуде. Бұдан бөлек, үстіміздегі жылы осындай тағы бір зауыттың құрылысы басталды. «Осындай жобалардың нәтижесінде келесі жылы бидай өңдеу көрсеткіші 65% дейін артады», — деп түйіндеді өңір басшысы. Бүгінгі таңда облыста дәнді дақылдар егілген егіс көлемі 2,5 млн га (66%), майлы дақылдар егілген алқап 394 га (56%) құрады. Егіс науқанына барлық техника жұмылдырылып, 2-3 ауысымдық жұмыс ұйымдастырылды, жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілді. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы шаруашылықтар 21,4 млрд теңге несие қаражатын алды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бойынша 4 млрд теңге сомаға өтінім беріліп, 2,8 млрд теңгеге бекітілді», — деді А. Мұхамбетов. Биылғы жылы ауыл шаруашылығына 23,3 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 120% құрайды. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 13,6 млн га алқап бекітілген. Қазіргі уақытта 12,1 млн га алқап пайдаланылады. «Жерді тиімсіз пайдалану фактілері анықталып, 1,1 млн га жайылым алқаптарын пайдаланбау бойынша шаралар қабылданды. Оның 225 мың га мемлекеттің жер қорына қайтарылды. 545 мың га жер ауыл шаруашылығы айналымына берілді. 240 мың га аумақта Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша шаралар қабылданды», — деді Ж. Қасымбек.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.