Түркістан облысында ауылшаруашылығын дамыту арқылы – экспорт артады!

Spread the love

Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев ауыл шаруашылығын дамытудағы ортақ мақсат еңбек өнімділігі мен экспортты 2,5 есе арттыруды көздейтінін атап айтқан еді. Қазақстанның аграрлық әлеуеті аса зор, бұл алдағы бесжылдықта ауыл шаруашылығында нақты серпіліс жасауға мүмкіндік береді. Ол үшін бірінші кезекте АӨК саласына инвестициялар тарту жұмыстарын жолға қою қажет. Ел Үкіметі ауыл шаруашылығы саясатының қысқа мерізмді және ұзақ мерзімді нақты басымдықтарын әзірлеу және қолдау құралдарын тұрақтандыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Ауыл шаруашылығын одан әрі дамытудың маңызды мәселелерінің бірі — АӨК өнімдерінің экспорты, оның әлеуеті аса зор. Жалпы, экспортты қолдауға бағыттау жоспарланған 500 млрд теңгеден 100 млрд теңгесі ауыл шаруашылығы экспортына бағытталған. Қазір АӨК өнімдерің экспортының 60%-дан астамы — шикізаттық өнім.  Сонымен қатар жерді тиімді пайдалану мәселесі өзекті болып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізген ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу шарасы арқылы 16,5 млн га аумақтың пайдаланылмай жатқаны анықталды. Үкімет барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізу және жер кадастрының ақпараттық жүйесін цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *