Экспорттық-импорттық операцияларды жеңілдететін фитосанитарлық және ветеринарлық сертификаттарды электрондық алмасу процесін іске қосу бойынша Ресей Федерациясының уәкілетті органдарымен ынтымақтастық белсенді түрде жүргізілуде. Бұл жұмысты осы жылдың соңына қарай аяқтау көзделіп отыр. Қадағалаудың салалық жүйесі қолданыстағы АЖ базасында дамуда, таңбалау жайында айтар болсақ, АӨК өнімдерінің әртүрлі түрлері бойынша пилоттық жобаларды іске асырғаннан кейін таңбалаудың салалық жүйесінің моделі таңдалатын болады. ҚР АШМ ЕАЭО мүше мемлекеттерінде мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін қадағалаудың ұлттық жүйелерін енгізу мерзімдерін анықтау және жалпы тәсілдерді әзірлеу бойынша ЕАЭО жоғары деңгейдегі жұмыс тобына белсенді қатысады. Чехиямен, Грузиямен, Эстониямен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы 8 келісім мен меморандумға, сондай-ақ Ресеймен және Иранмен бидай саудасындағы ынтымақтастық мәселесі бойынша үшжақты меморандумға қол қойылды.  «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы ортамерзімді келешекке арналған ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасына» қол қойылды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.