Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мұндай жобалардың екі ел үшін де маңыздылығын және өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болып табылатынын атап өтті. «Қазақ-өзбек ынтымақтастығы Түркістан облысын дамытуда ерекше маңызға ие. Өзбекстан біздің өңіріміз үшін екінші маңызды сауда-экономикалық әріптес болып табылады. Ауыл шаруашылығы техникасының тозуын ескерсек, бұл жобаның өзектілігі даусыз. Еліміз бойынша 185 мың бірлік техниканың 76%-ы, облыста 19 мың бірлік техниканың 83%-ы тозған. Мемлекет өз тарапынан инвестициялық субсидиялар, фермерлерге жеңілдікпен несиелер, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін субсидиялар, сондай-ақ инфрақұрылым жүргізу түрінде көптеген мемлекеттік қолдау шараларын ұсынып келеді. Біздің тарапымыздан сіздерге қолдау және толық ақпарат беріледі», — деді Өмірзақ Естайұлы. Кездесуде «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ-ның басқарма төрағасы Н. Отажонов Түркістан облысының инвестициялық ахуалына жоғары баға берді. Жобаға қызығушылық танытқан өзбекстандық компанияның басшылығы 49/51% шарты негізінде, акциялардың негізгі пакеті «Orbis Kazakhstan» қазақстандық серіктес компаниясында болуын жөн көрді. Айта кетелік, «Orbis Kazakhstan»– экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін, ондаған кәсіпорындар мен ұйымдарды біріктірген көпбейінді отандық компаниялар тобы. Мұнай сервисі, мұнай химиясы, агробизнес, құрылыс, көлік, тасымалдау және қоғамдық тамақтану бойынша қызметтердің кең түрін жүзеге асырып келеді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.