Облыс басшысының айтуынша, бұдан өзге жеке қосалқы шаруашылықтарда (үй ауласында) тамшылатып суару технологиясын енгізу арқылы ерте пісетін көкөніс, бақша өнімдерін өндіру жолға қойылуда. Мәселен, 10 сотық жерге тамшылатып суаруға жұмсалатын және агротехникалық шығындарын қоса есептегенде, 462 мың теңге қаржы жұмсап, 850 мың теңге табыс табуға болады. «Осы үш бағытта жұмыс істесек, еңбек өнімділігін 2-3 есе арттыруға мүмкіндігіміз бар». Әртараптандыру аясында майлы дақылдар 955 мың гектар жерге (барлық егіс алқабының 23%) егіледі. «Бүгінде егіс 2,5 млн га алқапта немесе 62,5% жүргізілді. Облыс минералдық тыңайтқыштарды енгізуде республика бойынша алда келеді. Биыл 130 мың тонна тыңайтқыш сатып алуды жоспарлап отырмыз (өткен жылмен салыстырғанда 15% артық), ол 2,3 млн га алқапқа пайдаланылатын болады», — деді облыс басшысы. Оның айтуынша, соңғы екі жылда өңірде сұйық тыңайтқыштарды қолдану өз тиімділігін көрсеткен. Облыстағы 6 шағын зауытта өндірілген сұйық тыңайтқыш 500 мың га алқапта қолданылып, нәтижесінде астықтың шығымдылығы орта есеппен 3 центнерге өсті. «Биыл төрт айда 20 млрд теңгеге жаңа техника сатып алынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 млрд теңгеге артық. Мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл барлығы 40 млрд теңгеге 2 мыңнан астам техника алуды жоспарлап отырмыз», — деді Қ. Ақсақалов.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.