Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асыру мақсатында, Түркістан облысында 3,8 млрд. теңге  қарастырылған. Оның ішінде облыстық маңызы бар қалалық (Түркістан, Кентау) жерлердегі кәсіпкерлерді қаржыландыруға 615,0 млн. теңге, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті қолдауға 3,2 млрд. теңге бөлінді. Сонымен қатар, Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру мақсатында шағын несиенің көлемін ұлғайтуға республикалық бюджеттен қосымша 2,7 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде, ауылды жерлерге – 1,8 млрд. теңге, қала және моноқалаларда – 943 млн. теңге. Жалпы Бағдарлама шеңберінде 6,5 млрд. теңге шағын несие беруге қарастырылған. Қазіргі таңда қаржылар толығымен қаржы операторларына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның  аймақтық филиалы, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның  филиалы және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның  филиалдарына аударылған. Ағымдағы жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша 1,4 млрд. теңгеге 142 азаматқашағын несиелер берілген. Бағдарлама аясында несие алу үшін негізгі шарттардың салық органдарында тіркелуі және Халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы болуы қажет.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.