Түркістан облысында ауылшаруашылығы саласы өте қарқынды дамып жатқан агро бизнес. Өңірде атқарылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі артығымен орындалу үстінде екені баршамызға мәлім. Мысалы үшін ағымдағы жылы 31,6 мың га парға айдалса, ауыл шаруашылығы дақылдары 825,4 мың гектарға орналастырылады.
Егістікті әртараптандыруға сәйкес картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен алыстырғанда 3,2 мың га артып, 122,0 мың га, мал азықтықдақылдар 11,6 мың га артып, 213,0 мың га орналастырылса, масақты дақылдар өткен жылмен салыстырғанда — 4,8 мың га қысқартылып, 226,9 мың га, мақта дақылы 12,7 мың га қысқартылып, 118,0 мың га орналастырылады. Майлы дақылдар көлемі өткен жылдың деңгейінде 91,4 мың га егіледі.
Бүгінгі күнге, жоспарланған егістіктің (825,4 мың га) 755,6 мың га егіліп, көктемгі дала жұмыстары 92,0% аяқталды.
Медиаон ақпарат