Осыған орай «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында жыл соңына дейін агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді ұсынған еді. «Алдағы бес жыл ішінде кемінде 600 мың гектар суармалы жерді айналымға енгізу керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдер ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалануға қатаң бақылау жүргізу тиіс. Ол жерлерді апатты жағдайдағы су қоймаларын жөндеу және жаңадан салу есебінен қажетті су көлемімен қамтамасыз ету керек», деген болатын. Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидиялау жүйесін жетілдіру, тиімсіз субсидияларды доғару және өнімділікті арттыруға назар аудару қажет екендігін атап көрсеткен еді. Елбасының осы тапсырмаларына байланысты еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасын» әзірледі. Аталған жоба қазіргі күні ел кәсіпкерлерінің қатысуымен кеңінен талқылануда. Жобаның еліміздің ауылдарында кооперативтік қозғалысты дамытуға серпін беретіндігі атап көрсетілуде.
Медиаон ақпарат