Түркістан облысында «7-20-25» бағдарламасы жүзеге асырулуда!

Spread the love

Елбасы айқындаған талаптармен «7 – 20 – 25» бағдарламасы бүгінде ел аумағында аса үлкен қарқынмен жүзеге асырылуда. Яғни, ипотека жылдық 7 пайыз мөлшерлемемен 25 жылға беріледі, бастапқы жарна – 20 пайыз. Ең бастысы, ипотекалық кредиттерді секьюритизациялаудың міндетті тетігімен бірге, екінші деңгейлі банктер арқылы ипотекалық кредиттеудің нарықтық қағидаттары пайдаланылады». Мемлекеттік бағдарламаларда әскерилер, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар және тағы басқа санаттар бар. Осы бағдарламада ондай категориялар болмайды. Біз заемдардың барлығымен жұмыс істейтін боламыз», – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков. Оның айтуынша, жаңа бағдарламаны жүзеге асыру үшін құрылатын компания мен Қазақстанның ипотекалық компаниясының айырмашылығы бар. Соңғысы ипотекалық несиелерді субсидияласа, алғашқысы несиелерді сатып алады. «7 – 20 – 25» бағдарламасының тиімділігін арттыру үшін «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізілетін болады. Атап айтқанда, тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту нормалары және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тұрғын үй заемдарын беру параметрлері қайта қаралады. «Банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, ипотекалық несиелерді секьюритизациялау тетігі қалпына келтірілмек. Яғни, ипотекалық несиелерді сатып алу үшін нарық талаптарына сәйкес қаражат тартатын болады. Құрылатын жаңа компанияны қаржы агенттігі ретінде тану керек. Жаңа бағдарлама әркімге жеңілдік шарттарын береді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *