Елбасыныӊ халыққа үндеуініӊ бірінші бағыты «7-20-25» бағдарламасы аясында Түркістан облысында ағымдағы жылы жеке салушылар арқылы 360 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйдіӊ құрылысы жүргізілуде. Оныӊ жалпы аумағы — 18,6 мыӊ шаршы метрді құрайды. Аталған үйлер пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы Түркістан облыстық өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Құрылыс басқармасыныӊ басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті. Сонымен қатар, облыста 172 инвестициялық жобаныӊ іске асырылуына 30,6 млрд.теӊге қаралған. Жыл соӊына дейін 71-ін пайдалануға тапсыру жоспарланса, бүгінгі таӊда 11 нысанныӊ құрылысы аяқталып пайдалануға берілген. Қалған 101 нысанныӊ құрылысы 2019 жылға өтпелі. «Әлеуметтік сала бойынша білім беру саласына жалпы 83 нысан құрылысына 15,9 млрд. теӊге қаралған. Ал облыстық бюджеттен қаралған 11,5 млрд. теӊгеге 67 нысан құрылысын жүргізіп, оныӊ ішінде ағымдағы жылы 28 нысанды пайдалануға беру межеленіп отыр. Қалған 39 мектептіӊ құрылысы «, — деді Құттыбек Рахматтуллаұлы. Бұдан өзге, денсаулық сақтау саласында 11 нысанныӊ құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2018 жылы 1 дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 10 нысан. Мәдениет саласында 2 мәдениет үйі мен 1 мұражайға қосымша нысанныӊ құрылысы жүргізіліп, бүгінгі таӊда 2 нысан пайдалануға берілген. Спорт саласында 3 нысан құрылысы жүргізілуде, жыл соӊына дейін барлығы пайдалануға берілетін болады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.