Түркістан облысында 2 мұнай өңдеу зауыты салынып жатыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР «Мақат-Солтүстік Кавказ», «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырларының параллель желілері салынады Қазақстаннан автокөлікпен мұнай өнімдерін әкетуге салынған тыйым 6 айға ұзартылады Болат Ақшолақов биыл қанша тонна мұнай өнімдері өндірілетіндігін айтты Мұнай экспортына ешқандай шектеу жоқ – Болат Ақшолақов «Қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада өндірісті одан әрі ұлғайту үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған. 2022 жылы Шымкент зауытында мұнай жүктеуді 5,2 млн тоннадан 6 млн тоннаға дейін арттыруға тырысамыз. Бұл іс-шара ішкі нарықтағы өсіп келе жатқан сұранысты жабу үшін жанар-жағармай өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін Павлодар мұнай өңдеу зауытында гидротазарту қондырғысын реконструкциялау жобасы іске асырылатын болады. Ол өнімділікті 6 млн тоннаға дейін арттыруға және бұрын өндірілмеген 160 мың тонна қысқы дизель отынын өндіруге мүмкіндік береді», — деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында. Оның айтуынша, Ақтау битум зауытындағы реконструкциялаудың арқасында битум өндіру қуаты жылына 400-ден 450 мың тоннаға дейін артады. Бұдан басқа, жеке инвесторлар Түркістан облысында мұнай өңдеу зауыттарын салу бойынша жобаларды іске асыруда. Оларды 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Атап айтсам: қуаты 2 млн. тонна мұнайды құрайтын «Standart Рetroleum & Со» серіктестігі; 100 мың тонна көмірді өңдеу қуатымен синтетикалық мұнайды және одан әрі мұнай өнімдерін алуға мүмкіндік беретін «Стандарт Ресурсиз» мекемесі», — деді министр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.