Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру және экспортқа шығарылатын өнім көлемін көбейту алдымыздағы тұрған маңызды міндеттердің бірі. Алға қойған межеге жету үшін, жаңа технологиялар мен интелектуалды жүйелердің пайдаланудың маңызы зор.

Қазығұрт ауданындағы ең ірі ет экспорттаушы шаруашылық бір жылда 12 мың бас ірі қара бордақылайды. Биылдың өзінде Иран мен Өзбекстанға 2 мың тонна ет саудалап үлгерген. Агро салаға жасалатын мемлекеттік қолдау енді шаруашалық жұмысының аясын кеңейтуге мүмкіндік туып отыр. Серіктестік басшылары соны пайдаланып, тағы 10 мың ірі қара бордақылайтын кешен құрылысын бастаған.

– «2020 бағдарламасын» 2025 жылға дейін созу туралы айтылды. Бұл бізге үлкен қолдау деп есептеймін. Бұдан басқа жеңілдетілген несие беру, өнімін экспортқа шығарып жатқан шаруаларды қолдау жалғасатын болды. Елбасының бұл бастамасы кәсібімізді дамытуға септігін тигізетіні анық,  – дейді шаруа қожалығының төрағасы Сырым Ертаев.

Бүгінде еліміздегі ауыл шаруашылығы сала инвестиция мен жаңа технологияға мұқтаж екені белгілі. Алдағы уақытта Түркістан облысының шаруалары тамшылатып суару, гидропоника, жер асты суларын пайдалану технологияларын қолдануға ұмтылуда. Өйткені Жолдауда Президент осы жайттарды ашып айтқаны белгілі.

– Түркістан облысында тамшылатып суару, жылыжайлар, қарқынды баулар, сонымен қатар мал бордақылау алаңдары, сүт жинау бекеттерін орнату, сондай-ақ асыл тұқымды ірі қараны 2,5 есеге көбейту көзделіп отыр,  – деп Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов  маңызды міндеттерді қолға алғандарын тілге тиек етті.

Бүгінде Түркістан аграрлық салада тиімді технологияларды кеңінен пайдаланып келе жатқан өңір болып табылады. Қазір аймақтағы егістік алқаптың 1 мың 800 гектары тамшылатып суару жүйесіне көшкен. Ал, жылыжай көлемі 1 мың 285 гектарға жетіп отыр. Соынмен қатар шарулара мемлекеттің  ауыл шаруашылығы саласындағы қаржылай қолдауын цифрландыру ісімен ұштастырғанын да айта кетуіміз керек. Бұл шара фермердің уақытын пайдаланып, қағазбастылықтан құтқарғанын атап айтуға болады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.