Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Қарақай ауылдық округі, Кетебай ауылындағы «Кетебай» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі сонау 1996 жылы құрылған. «Нұр-Кетебай» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі болып қайта тіркеліпті. «Бизнес жол картасы -2020» бизнесті қолдау мен дамыту  бағдарламасы бойынша несие алған. Бүгінде Сәду Бекеновтың төрағалық етіп отырған кооперативтің 242 мүшесі бар. Иә, 21 жылдан бері бірігіп жұмыс жүргізіп жатқан шаруалар қазірде 1125 гектар жерді  игеріп отыр. Кооперативтегі жұмысшылардың орташа жалақысы 50 мың теңгені құрайды. Негізінен мақта шаруашылығымен және тұқымдық шит шаруашылығымен айналысатын ынтымағы зор «Нұр-Кетебай»-дың жұмысында береке бар.  Себебі, бүгінде олар тек егістік егіп қоймай, сол егіс жұмыстарына қажетті ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресетін биолабораториясы, тұқымдық мақта шитін тазалайтын, іріктейтін, дәрілейтін тұқым цехтарын ашып алған.Сонымен қатар, қуаты 100 тракторға есептелінген орталық жөндеу шеберханасы, жанар-жағармай қоймасы бар. Мұнан өзге, құрылыс бригадасы, 9 мақта бригадасы, мақта қабылдау пункті мен орталық қоймасы да жұмыс жасайды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.