ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛГЕН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК АУДАН / ҚАЛАЛАРҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

Spread the love

Ағымдағы жылдың 12 тамыз күні Түркия және Польша мемлекеттерінен келіп жеткен гуманитарлық көмек облысқа қарасты аудан/қалаларға үлестіріліп жіберілді.

Департамент жанынан құрылған жұмысшы топ өкілдері келіп жеткен қораптарға «ТЕГІН» деп көрсетілген арнайы белгілерді қойып, гуманитарлық көмектің заңсыз сатылымға шықпауы бойынша нақты шаралар атқаруда.

«Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлерімен Арнайы мониторингтік топ мүшелері бірлесіп, аталмыш медициналық қорғаныс құралдарын және дәрі-дәрмектерді облыстық «Қоғамдық денсаулықты сақтау» басқармасынан Түркістан өңіріне қарасты барлық
қала/аудандарда орналасқан мемлекеттік емдеу мекемелеріне толық тасымалдануын қамтамасыз ету мақсатында бақылау жұмыстарын жүргізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *