2022 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша облыс аумағында өрт сөндіру қызметінің құрылымдық бөліністері 8715 рет және жедел-құтқару жасағы      33 рет түрлі шақырулармен шықты.

Анықтамалық: өрт сөндіру қызметінің бөліністері гарнизон шегіндегі өрттерді сөндіруге – 179 рет (2021 жылдың осы кезеңінде – 182, (-1,65%)), авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге – 776 рет (2021 жылы – 53, (+93,17%)), өрт ретінде есепке алынбайтын жану жағдайларына – 730 рет (2021 жылы — 950,  (-23,16%)), басқада шығуларға 7030 рет шықты (өрт-тактикалық оқу-жаттығуларына 23, өрт-тактикалық оқу сабақтарына 447, су көздерін түзетуге  263, оқу кестесі бойынша сабақтарға 3636, механикаландырылған шолуларға 534, көрнеу жалған 1(05.03.2022 ж. Кентау қаласы), басқа да шығуларға 2126).

Жедел-құтқару жасағы ағымдағы мерзім ішінде 20 рет іздестіру-құтқару жұмыстары мен 13 рет авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 23 (оның ішінде – 10 бала) адам құтқарылды.

Өрттен құтқарылған материалдық құндылықтар – 1 миллиард 17 миллион 610 мың теңге (2021 жылы – 1 миллиард 043 миллион 950 мың теңге), (-2,52%), келтірілген шығын көлемі 698 миллион 812 мың тенгені құрады (2021 жылы – 336 миллион 599 мың тенгені), (+52,0%).

Жалпы өрт санының айтарлықтай өсуі келесі аудандарда байқалады:

  • Төлеби ауданы – 13 өрт (2021 жылы – 7, (+85,7%));
  • Сайрам ауданы – 23 өрт (2021 жылы – 14, (+64,3%));
  • Бәйдібек ауданы – 10 өрт (2021 жылы – 5, (+100,0%));
  • Түркістан қаласы – 30 өрт (2021 жылы – 24, (+25,0%)).

2022 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша өрттерде құтқарылған       1 адам (2021 жылы – 0, (+100%)), 105 адам эвакуацияланған (2021 жылы – 30, (+71,43%)),    6 адам қайтыс болды (2021 жылы – 5, (+20%)), 5 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды (2021 жылы – 3, (+40,0 %)).

Авариялық-құтқару жұмыстарын атқару барысында 78 адам құтқарылып (2021 жылы —  220, (2,8 есе кеміген)), 3 адам қауіпсіз орынға көшірілген (2021 жылы —  418, (-99,28% кеміген)).

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 28 адам құтқарылған.

Жалпы алғанда шығулар барысында 107 адам (2021 жылы – 234, (2,2 есе кеміген)) құтқарылып, 108 адам қауіпсіз деген орындарға эвакуацияланды                                              (2021 жылы – 448, (4,2 есе кеміген)).

Түркістан қаласы Кентау 048 квартал трассасы бойында сейсмикалық белсенділігі 7 балл болатын IVA IVГ климаттық кіші аудандарға арналған II үлгідегі 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосының кешенін салу» нысаны бойынша құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге 755 млн 854 мың теңгеге шарт түзілді. Оның ішінде 2021 жылға құрылыс жұмыстарын бастауға 221 млн 897 мың теңге  бөлініп толығымен 100 % (пайыз) игерілді. 2022 жылға Республикалық бюджеттен 618,4 млн.  теңге бөлінген. Келісім шарт 533 млн. 957 мың теңге құрылыс жұмыстарын аяқтауға түзілді, оның игерілгені 292 млн. 063 мың теңге. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жұргізілуде.

         Анықтамалық: Құрылыстың басталуы-2021 жылғы қазан. Құрылыстың аяқталуы-2022 жылғы  қараша. Мердігер: «Шымкент құрылыс» ЖШС. Техникалық қадағалау: «Технологиялық көмек құрылыс» ЖШС, Жобалаушы: «Авангард-ОК»ЖШС.

Қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар:

— өрт сөндіру депосының калоналары құйылып, қабырғалары көтеріліп бітіп, варота рамаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

— әкімшілік ғимартының бөлме аралық дуалдарын қалау жұмыстары аяқталып сылау жұмыстарын бастауда, 1-ші 2-ші қабат аралығында баспалдағы орнатылып қосалқы жұмыстары жүргізілуде (бояу, үстағыштарын, басбалдақтарын орнату).

— жатақхана ғимаратының  қабырғалары толық көтеріліп шатырын жабу жұмыстары мен сылау жұмыстарына дайындық жүруде.

— кәріз (канализация) шұңқыры қазылып, шеттері бетондалып төбесін жабу жұмыстары жүруде.

— қазандықтың (котельный) қазандық шұңқыры (котлаван) қазылып, іргетасын құюға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Төлеби ауданы, Ленгір қаласындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысын жүргізуге жалпы құны 517 миллион 019 мың теңгені құрайтын «АвтоРемСтрой» ЖШС-мен шарт түзілген (конкурстық құны 467 миллион 534 мың теңгені құрайды). Жоба құрылысы 2020 жылғы сәуір айында басталған болатын. 2021 жылы нысанның құрылысына 189 миллион теңге бөлініп, 2-ші қабатына темір-бетон плиталары төселіп, ішкі қабырғалары сыланды, сонымен қатар электр желілері толықтай тартылды. Нысанның құрылысын жалғастыру үшін қосымша 32 миллион 800 мың теңге қаражат қарастырылып, қазіргі таңда қаражат өңделуде.

Түркістан облысы Түркістан қаласы К. Искабекова №3 мекенжайында орналасқан №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 1960 жылдары салынған.Түркістан қаласы әкімдігі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ғимаратын өз меншігіне  алып, ғимаратты жөндеуге байқау жариялады. Байқауды «Шаңырақ ХХІ ЖШС» 285 млн теңгеге ұтып алып, жоба құрлысы 2022 жылдың маусым айында басталды. Қазіргі таңда, ғимараттың электр желілері жүргізіліп ішкі қабырғалары сыланып, су құбырлары тартылуда, сонымен қатар төбе жаппасын жабу жұмыстары жүргізілуде.

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Түркістан Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 2021 жылғы 08 желтоқсандағы №208 бұйрығы негізінде Қызметтің теңгеріміндегі 2014 жылы шығарылған мемлекеттік тіркеу нөмірі 742 BG 13, КАМАЗ 45142-011-15 маркалы жүк автокөлігі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне және 2014 жылы шығарылған мемлекеттік тіркеу нөмірі 732 BG 13, КАМАЗ 6520-04 маркалы автокөлігі Қазселденқорғау мемлекеттік мекемесінің есебіне берілді.

 ҚР ТЖМ  2022 жылғы 14 сәуірдегі 1/801 хатына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-ның теңгеріміндегі 11 бірлік өрт сөндіру техникалары Түркістан облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-ның теңгеріміне берілді.

 Өрттерге және өзге де төтенше жағдайларға әрекет жасауда жеке құрамның кәсіби дайындық деңгейін арттыру, тактикалық дайындықтарын шыңдау мақсатында гарнизон бөліністерінде жоспарға сәйкес, 8 өрт-тактикалық жаттығулар және 152 өрт-тактикалық сабақтар өткізді (2021 жылы ӨТЖ – 7, (+12,5%) және ӨТС 133, (+12,5%)) өткізілді.

Дала, орман және тоғай өрттерін сөндіру кезеңіне дайындық жасау барысында тиісті бұйрықтар шығарылды, оларды орындау үшін қамтылатын өтімділігі жоғары өрт техникалары, байланыс құралдары, спутниктік телефондар, сыпырғы ұрғыштар (хлопушка), авариялық-құтқару құрал-жабдықтары, азық-түлік қорлары, ЖЖМ, дәрі-дәрмектер дайындалды. Осы бағытта жұмыстарды жалғастыру үшін ағымдағы жылдың 24 мамыр күні Төле би ауданы, Бірінші мамыр ауылдық округы, Жаңажол ауылы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркының Тұрбаз шатқалындағы шекаралас аумағында барлық мүдделі қызметтерді (ЖАО, орман шаруашылықтары, ұлттық саябақтар) тарта отырып, орман-дала өрттерін сөндіру бойынша шартты түрде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығулар барысында қолда бар ресурстарды тарту тәртібі, өзара іс-қимыл мәселелері пысықталып, табиғи өрттер мен жануды сөндіру үшін күштер мен құралдарды тартудың аудандық жоспарларына тиісті түзетулер енгізілді.

Қызметтің құрылымдық бөліністерінде өрт сөндіру бағытында жасалынған барлығы 1416 шұғыл жоспарлар мен 1930 шұғыл карточкалары бар      (2021 жылы – 1376 ШЖ (+2,8%); 1883 ШК (+2,5%)). Есеп беру кезеңінде өрт сөндірудің         41 шұғыл жоспарлар жасалып, 151-і қайта әзірленді, өрт сөндірудің 77 шұғыл карточкалары жасалып, 225-і қайта әзірленді.

  Түркістан облысы аумағында 9755 (жарамсыз – 3320) өрт гидранттары орналасқан, оның ішінде қалаларда – 3617 (998-і жарамсыз), елді мекендерде – 5564  (2277 жарамсыз) және шаруашылық нысандарында – 574 (45 жарамсыз).

 Қызметтің құрылымдық бөлініс қызметкерлерінің арасында жазатайым оқиға мен жарақат алу факторларын болдырмау, «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» нұсқаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 7 рет нұсқама (2 мақсатты, 1 қайта,   4 жоспардан тыс) өткізілді.

«Медициналық білімі жоқ тұлғаларды алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша даярлау ережесіне сәйкес «КАЗПРОФИ» ЖШС  оқу орталығымен келісім шарт түзіліп, 2022 жылдың мамыр айында Қызметтің құрылымдық бөлімдерінің 120 қызметкері оқытылды.

Қызметтің құрылымдық бөліністерінің газ-түтіннен қорғаушылары Түркістан қаласындағы № 1 МӨСБ-де және Шымкент қаласындағы №5 ӨСБ-де орналасқан жылу-түтін камерасында кестеге сәйкес 2 рет сабақ өткізілді (2021 жылы — 2, (0%).

Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының 2022 – 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы іске асыру және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2021 жылға азаматтық қорғау органдарының имиджін жоғарылату мен 2021 – 2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыру «Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу, жолын кесу және шектеуге бағытталған іс-шараларды тиісті деңгейде атқару» және «Діни экстремизм мен терроризмнің мағынасын түсіндіру», «Лаңкестік ұйымдарға, дәстүрлі емес діни ағымдарға ұмтылудан арашалау» өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу тақырыбтарында және «Жол қауіпсіздік ережелерін сақтау», көлік құралын жүргізу кезінде жол қауіпсіздік ережелерін бұзбауға, алкогольдік ішімдіктерді және есірткі заттарын қолданбау, қосымша табыс көздерімен айналыспау, рухани-адамгершілік құндылықтарды, отбасылық әулеттер рөлін насихаттау, жас қызметкерлерді аға буын үлгісінде тәрбиелеу, қызметтік тәртіп пен заңдылықтың бұзылуының алдын алу мақсатында, «Аманат» партиясының өкілдерін, ішкі істер органдарының қызметкерлерін және мешіт имамдары мен теолог мамандарын тарта отырып, құрылымдық бөлініс қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер мен семинар, сондай-ақ лекциялар өткізілді.

«Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу және болдырмау» мақсатында газеттерде мақалалар жариялануда.

         Анықтамалық: Дөңгелек үстелдер – 87 (2021 жылы — 81), семинар жиналыстар — 96 (2021 жылы – 92),  лекциялар – 34 (2021 жылы — 26).

 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылғы «Дене шынықтыру, сауықтыру іс-шаралары мен негізгі республикалық және халықаралық жарыстар бойынша күнтізбелік жоспарына» сай және Қызметтің  2022 жылғы 16 ақпандағы №68 ж/қ бұйрығына сәйкес Түркістан құрама командалары  Шығыс Қазақстан облысында  2022 жылғы 22 – 26  ақпан аралығында өткен ерлер арасында XXХ, әйелдер арасындағы VІІІ және жасөспірімдер арасындағы VІІ өрт сөндіру құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатына қатысты.

         Анықтамалық:   Аталған Чемпионатқа жалпы 18 ерлер, 11 әйелдер, 13 жасөспірімдер құрама командалары қатысты. Нәтижесінде Түркістан әйелдер құрама командасы жалпы командалық есепте  2-орынды иеленді.

Сондай-ақ, Түркістан облысының әйелдер құрама командасының мүшесі Тұрсын Айдана шабуыл сатысымен оқу мұнарасының екінші қабатына көтерілу сайысында жүлделі 2-орынды иеленді.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылғы 23-28  мамыр аралығында Ақтау қаласында «Өрт – сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы» ҚБ Кубогі V турнирі өтті, аталған іс-шараға Қызметтің  2022 жылғы 11 мамырдағы № 245 ж/қ бұйрығына сәйкес Түркістан облысының әйелдер құрама командасы қатысты.

 Анықтамалық:   Аталған Чемпионатта  Түркістан әйелдер құрама командасының мүшесі Айдана Жақсыбекқызы Турсын 100 метрлік кедергімен жүгіру сайысында II жүлделі орынды иеленді, жалпы командалық есепте Түркістан облысының құрама командасы 13 команданың ішінен 2-орынды иеленді.

  Қызметтің 2022 жылға арналған спорттық іс-шаралар өткізу туралы жоспарына сәйкес құрылымдық бөліністер арасында үздік спортшыларды анықтау, іріктеу, командаларды дайындау және олардың спорттық шеберліктерін арттыру мақсатында 2022 жылғы 10 наурыз күні волейболдан, 29 наурыз күні кіші футболдан облыстық жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар Қызметтің алғыс хаттарымен және дипломдарымен марапатталды.

Анықтамалық:  Волейбол жарыс нәтижесінде І-орынды Шардара ауданы, ІІ-орынды Қазығұрт ауданы, ІІІ-орынды Бәйдібек ауданының құрама командалары иеленді.

Футбол  жарыс нәтижесінде І-орынды Арыс қаласы, ІІ-орынды Түлкібас ауданы, ІІІ-орынды Төлеби ауданының құрама командалары иеленді.

 ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына 2022-2023 оқу жылына үміткерлерді жинақтау бағытында Түркістан облысының көлеміндегі мектеп оқушыларына үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда 103 (2021 жылы –78 (+24,3 %)) үміткер оқуға түсуге өтініш білдіріп, нәтижесінде 23 үміткердің іс-құжаттары әзірленіп жолданды.

 Жыл басынан бері қыс, көктем, жаз мезгілдеріндегі қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жеке құрам қызметкерлерімен үгіт-насихат материалдарының 362 590 түрі әзірленді және шығарылды, төтенше жағдайларда іс-әрекеттерге арналған ақпараттық-анықтамалық стендтер әзірленіп, 217 267 тұрғын үй қамтылды және 616 044 адамға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

(слайд 25) Қызметтің баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында 1534 (2021 жылы-822, (+46,4 %)) материал жарияланды.

         Анықтамалық:  телеарнада – 31 (2021 жылы – 36,  (-13,9%)); баспасөз беттерінде – 382,  (2021 жылы  – 332,  (+13,1%)); радиоэфирде – 39 (2021 жылы – 16,  (+58,9%)); локалды радиода – 1082 (2021 жылы – 381,  (+64,7%)). «Фэйсбук», «Instagram» әлеуметтік желілерінде басқарылатын коммуникациялар арқылы жұртшылықты ақпараттандыру және имиджін жақсарту мақсатында есепті кезеңде 376 материал (бейнетүсірілім – 86, үгіт-насихат жұмыстары – 156, тікелей эфир – 6, басқа тақырыпта – 128 материал) жарияланды.

 2022 жылдың 30 маусымдағы  жағдай бойынша Қызметтің бюджеттік қаражатын игеруі 100 % құрайды.

 Қызметтің барлық жеке құрамына коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациялау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,                                      ІІІ компоненттін 1165 қызметкер салдырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.