Елбасы Н.Назарбаев “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыу” атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында ауылшаруашылығын дамытудың экономикамыз үшін аса қажет екендігі баса айтылды. Осыған сәйкес, Түркістан облысы, Ордабасы ауданында ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарға талдау жасалған болатын. Биыл бұл өңірде  қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық саласында 25 млрд. 849 млн. 300 мың теңгенің өнімі өндіріліп, салыстырғанда нақты көлем индексі 103,9 пайызды құраған. Оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 15 млрд. 150 млн. 800 мың теңге, нақты көлем индексі 101,5 пайыз, егін шаруашылығының өнімі 10 млрд. 608 млн. 500 мың теңге, нақты көлем индексі 107,3 пайыз және балық шаруашылығы 90 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100 пайызды құраған. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерінің жалпы көлемі 208 мың 662 гектар, оның ішінде егістік жер көлемі 71 мың 273 гектар, жайылым 103 мың 992 гектар, көпжылдық қондырғылар 1 мың 490 гектар, тыңайған жер көлемі 18 мың 954 гектар. Үш жақты келісім бойынша 56 553 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары егіліп, жоспар 102 пайызға орындалды. Сонымен қатар, биыл суармалы жердің көлемі 1 423,8 га-ға ұлғайтылды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.