Етті мал шаруашылығы бағдарламасында басты назар фермерлік шаруашылықтарды құруға бағытталады. Мәселен, 82,1 мың аналық ірі қара мал басын және 374,4 мың саулық басын сатып алу қаржыландырылды. Соның нәтижесінде мал өсіретін 840 жаңа шаруашылық құрылды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 38%-ға артық. Қой шаруашылығында 1 057 жаңа шаруашылық құрылды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 2,2 есе артық.  Импорт алмастыру мақсатында сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Жалпы мал басы 7,5 мың бас болатын 30 сүт тауар фермасы қаржыландырылып, іске қосылды (оның ішінде 8-і — өнеркәсіптік ферма). Салалық бағдарлама көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін 2020 жылы жалпы қуаттылығында сауылатын табыны кемінде 15 мың басты құрайтын 25 өнеркәсіптік СТФ мен 30 отбасылық СТФ құру қажет.  Құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында импорт алмастыруды жалғастыру үшін құс етінің өндіріс көлемін одан әрі арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қорытындысы бойынша құс еті импортының үлесі 45,3% құрады. Импорт үлесінің азаюы ең алдымен 25 мың тонна құс етін өндіретін жобаның алғашқы кезеңінің іске қосылуымен ( «Макинка құс фабрикасы» ЖШС) және өнімділігі жылына 8000 тоннаға дейін құс еті болатын жұмыс істеп тұрған құс фабрикасын кеңейту бойынша жобаны іске асырумен байланысты (ТОО «Әулие Ата Феникс» ЖШС). Шошқа шаруашылығында жалпы қуаттылығы 19,9 мың тонна болатын 4 жоба іске асырылды. Осы жылы қуаттылығы 5,5 мың тонна шошқа етін құрайтын «Бавария продукт» АӨК» ЖШС шошқа өсіру кешенін салу жоспарланған.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.