Түркістан облысы: мал шаруашылығын дамыту басты мақсаттардың бірі

Spread the love

Ал, мал шаруашылығында біздің елде баяу дамып отырған ол шошқа шаруашылығы. Қазақстан бойынша шаруашылықтардағы шошқа саны 963 мың екен. Әрине, бұл шаруашылықтың неліктен соншалық дамымай қалғанын болжауға да болады. Шошқа өсірушілер көп жағдайда ішкі өнімнен гөрі сыртқа экспорттау мәселесін ойлап тұрады. Өйткені, мұсылман елдерінде шошқаға сұраныс жоқ екенін ескерсек, бұл проблеманың қайдан шығып отырғанын түсіну қиын емес. «Ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасына тікелей әсер етеді», дейді Республикадағы Ет Одағының басқарма төрағасы Мақсұт БАҚТЫБАЕВ. Айтуынша, осы сала елдегі жұмыссыздардың санын азайтуға үлкен үлесін қосып отыр. Төрағаның сөзінше, шаруашылықтардың көбі ауыл маңында болатындықтан, әсіресе ауыл тұрмысының жақсаруына пайдасын тигізетін бұл ғажап сала екен. «Агроөнеркәсіпті кешенде бизнесмендердің үлесі басым. Міне осы жандар өнім шығарады. Технология енгізеді. Саудамен айналысады. Осылайша істі табысты етеді. Сондықтан да бірінші кезекте салаға кәсіпкерлерді көптеп тартуымыз керек. Иә, мұндағы адамдар ірі емес. Орта және шағын бизнеспен айналысады. Жылына 20-30 миллион теңге ақша табады. Бірақ олар тұрақты. Сонысымен маңызды. Қазіргі таңда Австралия, Канада, Солтүстік Америка, тіпті Бразилияда ұсақ кәсіпкерлерге көп көңіл бөлінген», — дейді Мақсұт Бақтыбаев. Иә, Америкамен өзімізді салыстырмаймыз. Дегенмен, ондағы сияқты «шағын кәсіп иелеріне көңіл бөлу» деген қарапайым дүниелердің бізде де болғаны өзімізге жақсы. Әйтпесе, кәсіпке келудің өзі мұң болып қалары анық. Қазір Қазақстан ет шаруашылығымен айналысатын шаруалар орналасқан ауылдарда құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Мұнда елді-мекендерде әлеуметтік маңызы бар нысандарда тұрғызу қолға алынған. Бұл әрине тұрғындар үшін өте жақсы. Ал бизнеске қосымша жүк. Бірақ бұған кәсіпкерлер қарап жатқан жоқ. Істі дамыту үшін ауылдарға көңіл бөлінуі тиіс.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *