Кооперативтерге қарасты МТС-тер ашу. Төртінші. Бүгінгі таӊда ғылыми негізсіз ауылшаруашылығы бәсекеге қабілетті бола алмайды. Сондықтан, әрбір ауданда Ғылыми консультациялық қызмет көрсететін орталықтар ашылатын болады. Бесінші. Әрбір ауданныӊ потенциалы мен климатына сәйкес дамудыӊ басым бағыттары айқындалды. Мәселен, таулы аудандарда интенсивті бау шаруашылығы қолға алынатын болады. Биыл Қазығұрт ауданында 1800 гектарға жаӊғақ, 300 гектарға алма бақтарын егетін боламыз. Сондай-ақ, Төлеби мен Түлкібас аудандарында 1200 гектарға алма отырғызу қолға алынды. Осы аудандарда бау және оны қайта өӊдеу кластері құрылатын болады. Таулы аудандардыӊ тағы бір басым бағыты — сүт кластерін дамыту. Мақтаарал ауданында мақта шаруашылығын қайтадан қолға аламыз. Ол үшін мақтаныӊ егіс алаӊын ұлғайтамыз. Ал, өнімділігін арттыру бойынша — арнайы бағдарлама қабылданады. Бүгінде республика бойынша жылыжайлардыӊ 46 пайызы — Сарыағашта. Сарығаш — көкөнiс өндiретін нағыз «фабрикаға» айналуы тиіс. Ол үшін біз еӊ алдымен, дихандарға өнімін сыртқа шығару үшін жағдай жасалу керек. Сол үшін, біз Сарыағаш ауданында Транспорттық-логистикалық орталықтар құруды жоспарлап отырмыз. Бұл — Елбасыныӊ тапсырмасы. Сонымен қатар, Шымкент пен Түркістанда Транспорттық-логистикалық орталықтары іске қосылады. Сырдыӊ бойында 80 мыӊ гектар жаӊа суармалы жерлер қосылады. Шардара, Отырар аудандары және Арыс пен Түркістанда жүгері мен көкөністіӊ жаӊа алқаптары игеріледі. Созақ, Бәйдібек аудандарында мал шаруашылығын дамытатын боламыз. Түркістан индустриялық аймағында шұбат зауыты салынбақ. Бұл — экспортқа бағытталған өндіріс. Түркістан, Арыс, Отырар, Созақтан түйе сүтін жинау пункттері ашылатын болады. Қой етін экспорттау бойынша жұмыстар қайта қолға алынды. Жақында қой етініӊ алғашқы партиясы Иран Республикасына жолданады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.