Түркістан облысы іскер әйелдер ассоциацияның мүшесі ретінде сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасадым.
Бақ ынтымағы мен бірлігі жарасқан елде мәңгілік жасайды. Олай болса, халқымыз өз азаматтық борыштарына аса жауапкершілікпен қарап, президентімізге дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Сайлау әділетті өтті деп білемін.
Халық сайлау үйіне көтеріңкі көңіл күйде бара жатты. Алдағы күндерден тек жақсылық күтеміз.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен Әділетті қоғамды ел болып бірігіп, бірге құрамыз деп сенемін! Өйткені бұл халықтың — таңдауы!
#сайлау2022
#ЖеңісToqaev2022

Кеше елімізде саяси науқан болды. Қазақ елі жаңа Қазақстанның болашағын жаңаша бағытта қалыптастыру үшін 6 үміткердің арасынан Президентке таңдау жасады.
«Ақ жол» партиясының Түркістан облыстық филиал мүшелері де сайлауда белсенділік танытты.
Депутаттар тұрғылықты жеріндегі сайлау учаскелеріне барып, дауыс берді.
Саяси науқан барысында байқаушылар да ауқымды жұмыс атқарды. Олар құқықбұзушылық анықталмағанын мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.