Мал шаруашылығы бір қарағанда қазаққа соншалық таңсық емес сияқты. Бірақ, заман жылдар бойы мал бағумен айналысқан қазақ халқы жаңа заманда ет өндіруден жетекші елдер қатарына әлі де кіре алмай келеді. Сол себепті, соңғы жылдары ауыл шаруашылығына шындап мән бере бастаған тұста мал өсіру мен ет өндіруге ерекше көңіл аударыла бастады. «Сыбаға», «Алтын Асық» және «Ырыс»  сияқты бағдарламалардың арқасында қазір бұл салада біраз жетістіктер бар. Ерекше айту керек, қазір елімізде ірі қараның саны артып келеді. Статистикаға сүйенсек ірі қараның саны 8 млн  639 мың басқа жетіп отыр. Оқ бойы озып тұрған Түркістан облысы 1 млн 158 мың. Бұған қарап Қазақстанда мал шаруашылығы дамып келе жатыр деп айтуға болады. Мал өсіру үшін ең керегі жайылым болса, ол бізде бар. Жер көлемі жөнінен 9-орын алатын Қазақстанның көп бөлігі бос жатқан жерлер. Демек, жайылым жағынан еш қиындық жоқ. Тек, көзін тауып кәсіпті игере білсең болғаны. Кәсіп демекші, жоғарыдағы статистикаға үлесін қосқандардың басым бөлігі жеке кәсіпкерлер. Агроөнеркәсіп саласын жетілдіріп отырған, бүгінде ел ішінен бөлек экспортты да жолға қойған шаруашылық иелері артып келеді екен. Оған мына цифрларға қарап тағы бір көзіміз жеткендей болды. Соңғы деректер бойынша елімізде жылқы саны 3 миллионнан асыпты. Нақтырақ айтсақ 3 млн 109 мыңға жеткен екен. Қарағанды облысында 443 мың бас болса, 373 мыңмен Алматы облысы екінші орында тұр, ал үшінші орындағы Түркістан өлкесінде 352 мың жылқы бар. Төрт түлікті түгендейтін болсақ ірі қара мен жылқыдан бөлек ұсақ малмен айналысатын кәсіп иелерінің көрсеткіші де жаман болмаған сыңайлы. Айталық, қой мен ешкінің саны 24 млн 535 мыңға жеткен. Бұл жолы үздік үштікті бастайтын Түркістан облысы 5 млн 232 мың қой бағып отырса, 4 млн 667 мың қой Алматы облысында бағылуда. Ал, 3 млн 496 мың басы Әулиеата өңіріне тиесілі. Құстың саны 46 млн 761 мың екен. 10 млн 305 мың Алматыда, 8 млн  326 мың Ақмола өңірі, 5 млн 696 мың Солтүстік Қазақстан аймағында. Құс шаруашылығы негізінен ет өндірісі тұрғысында. Одан бөлек жұмыртқа өндіру ісі де осы шаруашылыққа кіреді. Демек, бұл көрсеткіш алдағы уақытта тағы да өсе түсуге тиіс.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.