Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы соңғы жиырма жылда инновациялық салаға айналды. Мемлекеттің қаржылық қолдауының арқасында ауыл еңбеккерлері жаңа технологияларды белсене қолдана бастады, бұған ең алдымен ылғал үнемдегіш технологияларды жатқызуға болады. Ондаған жылдар бойы суға зәру болып келген Түркістан облысы үшін бұл аграрлық саладағы нағыз ілгерілеу болды: 15 мың гектардан астам жер тамшылап суарылады. Осы бағыттағы жұмыс басталған 2010 жылмен салыстырғанда ылғал үнемдегіш технология пайдаланылатын аудандар екі еседен артық ұлғайды. Енді міне олар республикалық көрсеткіштің 70 пайызын құрайды. Түркістанда тамшылатып суаруға арналған жабдық шығаратын зауыт салынды, бұл шаруалар үшін технологияны әлдеқайда арзан бағаға сатып алуға мүмкіндік туғызды. Тек тәуелсіздік жылдары Қазақстан Шардара су қоймасынан Мақтаарал ауданының суармалы егістіктеріне машинамен су тарту жобасын іске асыру есебінен облыстың оңтүстігіндегі су мәселесін шешудің сәті түсті. Оңтүстіктер оны «Тәуелсіздік жобасы» деп атады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың арқасында ел үшін ең қысылтаяң қаржылық және экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекет бұған 14 миллиард теңге жұмсап, мақтааралдықтар мақта өсіру кезінде Сырдария суын Өзбекстан аумағы арқылы ағызатын мемлекетаралық «Достық» арнасындағы суға тәуелсіз етті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.