ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында егіс жұмыстарын өткізу барысы қаралды. Өңірлерде дала жұмыстары туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады. Өмірзақ Шөкеевтің хабарлауынша, Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын егістік жерлердің көлемі 857,2 мың га құрайды. Қазіргі кезде көктемгі дала жұмыстарының 92%-ы аяқталған. «Егістікті әртараптандыру бағытына сәйкес, картоп, көкөніс, бақша дақылдарының алқабы өткен жылмен салыстырғанда 3,2 мың га артып, 122 мың га құрады. Мал азығы дақылдары 11,6 мың га артып, 213 мың га құрады», — деді Ө. Шөкеев. Облыста масақты дақылдар егістігі өткен жылмен салыстырғанда 4,8 мың га азайып, 213 мың га құраған. Мақта дақылының егістігі 12,7 мың га азайтылды, 118 мың га жерге егілді. Ал майлы дақылдар өткен жылғы деңгейде — 91,4 мың га алқапқа егілген.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.