Қазіргі кезде су шаруашылығы инфрақұрылымы жүргізілген суармалы жерлер аумағы 1,5 млн га құрайды.  АӨК мемлекеттік бағдарламасы аясында 146 мың га суармалы жер қалпына келтірілді. Бұл ретте қалпына келтірілген 80 мың га суармалы жерлердің тек 37,7 мың га аумағы іс жүзінде мақсаты бойынша пайдаланылады. Биыл орындалмаған көлемді ескерумен 182 мың га жерді қалпына келтіру жоспарланған (оның ішінде 124 мың га жопар бойынша және 58 мың га орындалмаған көлем). Президент 2030 жылға қарай суармалы жерлер көлемін 3 млн га-ға дейін кезең-кезеңмен ұлғайту міндетін қойды. Қазіргі кезде облыс әкімдіктерінің алдында 1 млн га жуық жер алдын ала айқындалған және МЖӘ тетіктері бойынша жекеменшік әріптестіктің қатысуымен жаңа суармалы жерлерді дамыту бойынша жобаларды іске асыру және ирригация жүйелерін салу үшін әлеуетті инвесторларды анықтау, суару тәсілдері мен жыртылатын дақылдарды орналастыру және құрылымын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл ретте министрлік қосымша пайдалануға берілген суармалы жерлерді тиімді пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.