Түркістан облысы: ауылшаруашылығы саласында атқарылып жатқан тындырымды тірліктер

Spread the love

Өткен жылы Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасының шекарасына жақын автоөткелдерде 64 бақылау бекеті (32 ветеринарлық және 32 фитосанитарлық бақылау бекеті) жұмыс істей бастады. Инспекторлар құжаттарды тексеру, жүкті тексеру, сынама алу үшін көлік құралдарын тоқтатады. Бұзушылықтар анықталған жағдайда өнім кідіртіледі, жойылады немесе қайтарылады. Осылайша, еліміз бойынша 63 ветеринарлық және 52 фитосанитарлық бақылау бекеттері (автоөткелдер, темір жол станциялары, әуежайлар мен теңіз порттары) жұмыс істейді. Мемлекеттік инспекторлар 7777 заң бұзушылықты анықтады. Заңнаманы бұзғаны үшін 7038 ұйғарым және хаттама берілді, 231 млн теңгеден астам сомаға 5555 әкімшілік айыппұл салынды, 2402 өнімді қайтару шаралары жүргізілді. АӨК өнімдерінің басым нарықтарға, соның ішінде ҚХР-ға шығуын жеңілдету үшін Министрліктің бастамасымен ұлттық стандарттау жоспары аясында ҚХР стандарттары негізінде 156 стандарт (майлар, ет өнімдері, шырындар, сусындар және басқа да өнімдер үшін) қабылданды, сондай-ақ Жануарлардың денсаулығын қорғау жөніндегі дүниежүзілік ұйым басшылығы негізінде 14 стандарт және БҰҰ ЕЭК стандарттары негізінде өсімдік тектес өнімге 8 стандарт қабылданды. Анықтама. Бүгінгі таңда ЕАЭО деңгейінде азық-түлік өнімдеріне 12 бірыңғай техникалық регламент, оның ішінде өнімнің жекелеген түрлеріне 9 техникалық регламент, өнімге арналған стандарттар тізбесімен – 1 382 стандарт және бақылау әдістеріне арналған стандарттармен – 2 283 стандарт жұмыс істейді. Биыл Ұлттық стандарттау жоспарында АӨК өнімдеріне 46 стандарт әзірлеп, қабылдау көзделген. Мемлекетаралық стандарттау аясында 105 стандартты әзірлеу жоспарлануда.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *