Түркістан облысы бойынша  алғаш рет саланың 19 басым бағыты (оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 8, мал шаруашылығы – 7, қайта өңдеу, экспортты ұлғайту – 4) қарастырылған «Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өңірлік бағдарламасы» әзірленіп, Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісілгенін жеткізді. Нәтижесінде, етті мал шаруашылығын дамыту бағытымен 1850 бас ірі қара мал сатып алу жоспарланып, 11 айдың қорытындысымен 2798 басқа өтінім түсті (1,5 есе). 1581 басы мақұлданып, несиелері берілді. Тұңғыш рет облысымызда 6,5 мың тонна ет Өзбекстан, Иран, Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталып, республикалық көрсеткіштің 45,2 пайызын қамтыды. Ет экспортын одан әрі ұлғайту мақсатында желтоқсан айында өнеркәсіптік үлгідегі 10,0 мың бастық мал бордақылау алаңы іске қосылды (Сайрам ауданы «Нұрым груп» ЖШС – қуаттылығы 5,0 мың тонна, жоба құны – 3,5 млрд.тг.). 10 айда 174,0 мың тонна ет өндіріліп, 6%-ға (2017 ж. – 164,0 мың тн) артты.

– Сүтті мал шаруашылығын дамыту бағытымен 2025 жылға дейін 400 басқа дейінгі 44 (қуаттылығы – 10350 бас), 400 бастан жоғары 11 (қуатылығы – 4400 бас) тауарлы сүт фермасын салу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін «Қазына жер ЛТД» ЖШС-гімен қосымша 500 басқа сүт тауарлы фермасы кеңейтілетін болады. 10 айда 604,5 мың тонна сүт өндіріліп, 3,2%-ға артты (2017 ж.–585,6 мың тн). Суармалы жерлерді дамыту бағытымен ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 1,3 млрд.тг. қаржы қарастырылып, 29 нысанға ағымдағы, 4 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 9,8 мың га жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, 3,3 мың га қайта айналымға енгізілді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.