Еліміздің жекелеген облыстары үшін өткен жыл қиындау болды. Шілде-тамыз айларында болған аптап ыстықтан соң ұзақ уақыт бойы жаңбыр жауды, салдарынан жиналған түсім көлемі мен оның сапасына әсерін тигізбей қоймады. Жалпы, негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының басым бөлігі бойынша өндіріс пен түсімділіктің орташа өсімі байқалады.  2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га аумаққа егу жоспарланған, бұл 2019 жылғы деңгейден 240 мың га артық. Майлы, азық, көкөніс-жеміс бақша дақылдары және картоп егілетін жерлер көбейеді.  Тыңайтқыштарды қолдаун мәселесі өзекті болып тұр. Агрохимиялық картограмманың болуы міндетті, топыраққа агрохимиялық талдау жасау бойынша жұмыстарды жандандыру қажет.  Тағы бір өзекті мәселе, алқаптардың ластануымен ғана емес, зиянкестермен және аурулармен күресу болып отыр. Олардың таралу ошақтарын уақытылы анықтап, химиялық өңдеу жасау түсім мен оның сапасының азаюының алдын алады.  Жыл сайын олармен күресу үшін ауқымды бюджет қаражаты бөлінеді, бірақ бұдан пайда аз болып отыр. Мәселен, жатаған укекіренің таралу аймағы азаймады, бұл ауыл шаруашылығы өндірісіне едәуір шығын келтіруде. Демек, жергілікті жерлерде қажетті шаралар қабылданбайды және олардың орындалуына қажетті деңгейде бақылау жүргізілмейді.  Сонымен қатар, бүгінде астық егілетін алқаптарда тат пен септориоз кеңінен таралған. Жаппай зақымданған жағдайда өнім түсімі 40%-ға дейін жетіп, тіпті, өсімдіктер өліп қалуы мүмкін.  Осы жылдан бастап пестицидтердің барлық түрлері субсидияланады. Бұл ретте пестицидтерді субсидиялау зияндылығының экономикалық шегін ескерумен жүргізілетін болады.  Саны зияндылығының экономикалық шегінен асатын зиянды, аса қауіпті зиянкес ағзалардың мекен ететін алқаптары, таралған жерлері және карантин енгізілген нысандар туралы ақпаратты АӨК-тегі Мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы ұсынатын болады.  Бұл шара аграршыларға қажетті өсімдіктердің ауруларымен және зиянкестерімен күресу үшін қажетті фунгицидтер мен инсектицидтерді өздерінің таңдауына, сондай-ақ оңтайлы кезеңде өңдеу жүргізу арқылы олардың жапай таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.