«DALA-FRUIT.KZ» ЖШС-нің қарқынды бау шаруашылығындағы біршама жетістіктерге куә болған Ө.Шөкеев облыста жеміс-жидек, жүзім шаруашылығының егіс көлемін ұлғайту, гектар түсімділігін арттыру мәселесі барлық уақытта күн тәртібінен түспей, әрдайым дамып келе жатқанынан хабардар болды. Айта кетсек, қарқынды бау шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың арқасында, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің көлемі жылдан-жылға ұлғаюда. Сонымен қатар, бау аралық агротехнологияларды жүргізу үшін қажетті техникаларға және сатылып алынған шетелдік, отандық көшеттерге субсидия төленуде. Бұл көмектер тауар өндірушілердің қарқынды бау егуге деген қызығушылығын арттырып, ағымдағы жылы 0,9 мың га жеміс, 0,4 мың га жүзім, 0,2 мың га жаңғақ, 0,1 мың га таңқурай егілді.  Облыс бойынша жеміс-жидектің көлемі 17,5 мың га, жүзім 9,6 мың га құрап, жеміс-жидектен 116,4 мың тонна, жүзімнен 72,0 мың тонна өнім алынды. Тауар өндірушілерді отандық жеміс пен жүзімнің элиталық көшетімен қамтамасыз ету мақсатында 7 көшет өндіретін элиталық шаруашылық ұйымдастырылған. Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керектігін және негізгі міндет — еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту туралы тапсырма бергенін айтып, агроөнеркәсіп кешенінде аталған тапсырмаға қол жеткізу үшін саланы әртараптандыру, оның ішінде мал шаруашылығын дамытудың алатын орны ерекше екенін атап өтті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.