«Тозған және құнарсыз жайылым алқаптарын қалпына келтіру үшін пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Бұл – тұрғындардың малын жаюға арналған жерлер. Биылғы жылы бюджеттен тиісті қаражат бөлінді»,

— деп нақтылады облыс басшысы. Ауыл шаруашылығы құрылымында мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 59% құраған. 2019 жылы бұл салада 200 млрд теңгеге өнім өндірілген, биыл өсімді 211 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Мал шаруашылығымен өңірде 5096 шаруашылық айналысады, оның ішінде 15 бордақылау алаңы жұмыс істейді. «Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде шетелден және елімізден асыл тұқымды мал басы сатып алынуда. Биылғы жылы 5 мың бас сиыр мен 17 мың бас қой сатып алу жоспарланып отыр. 2020-2023 жылдар аралығында құны 20 млрд теңгені құрайтын қой етін қайта өңдеумен айналысатын ірі қой фермасын құру жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылуда», — деді Ж. Қасымбек. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының қаржысы және «Сарыарқа» ӘКК арқылы облыстық бюджет есебінен 5 млрд теңге бөлініп, 3 сүт-тауарлық фермасын құру мәселесі қаралуда. Олардың жалпы өндіріс көлемі жылына 19 мың тоннаны құрайтын болады. «Жалпы, «ҚазАгро» АҚ институттары арқылы 20 млрд теңгеге 79 жоба іске асырылады», — деп түйіндеді өңір басшысы.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.