Республикадағы асыл тұқымды мал шаруашылықтары арасында қазақтың ақ бас сиыры және ірі қараның герофорд тұқымы, етті-майлы еділбай тұқымы, ақжайықтық етті-жүнді қой тұқымы, өнімділік бағыттағы көшім жылқысы, қазақтың айыр түйе тұқымы өсірілетін біздің облысымыз алдыңғы қатардағы аймақтардың бірі болып саналады.

Сүтті мал шаруашылығы бойынша облыста ірі қарадан қара шұбар, гольштиндік қызыл шұбар, қызыл далалық және симменталды тұқымының үлесі басымырақ. Асыл тұқымды сүтті малдар облыс орталығына жақын орналасқан елді мекендердегі ЖШС мен шаруа қожалықтарында өсіріледі. Етті мал шаруашылығында негізінен қазақтың ақбас және герофорд тұқымдары өсіріліп жатыр. Нақтылай түссек, ірі қара малдың 70 пайызға жуығы қазақтың ақбас тұқымына жатады, ал герофордтық тұқым ет өнімділігін арттыру мақсатында малдарды будандастыру үшін қолданылады. Жылқы үйірінің өнімділігін көшімнің асыл тұқымдары ұсынады, ал асыл тұқымды түйелерді қазақтың айыр тұқымы құрайды. Облыстың әр түрлі табиғи-экономикалық аймақтарында биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, қылшық жүнді қойлар өсіріледі. Нарықтық жағдайда шығарылатын қой тұқымдарына қойылатын талаптар өзгерді. Сондықтан оның екі бағыты мықтап қолға алынған. Республикадағы асыл тұқымды мал шаруашылықтары арасында қазақтың ақ бас сиыры және ірі қараның герофорд тұқымы, етті-майлы еділбай тұқымы, ақжайықтық етті-жүнді қой тұқымы, өнімділік бағыттағы көшім жылқысы, қазақтың айыр түйе тұқымы өсірілетін біздің облысымыз алдыңғы қатардағы аймақтардың бірі болып саналады. Сүтті мал шаруашылығы бойынша облыста ірі қарадан қара шұбар, гольштиндік қызыл шұбар, қызыл далалық және симменталды тұқымының үлесі басымырақ. Асыл тұқымды сүтті малдар облыс орталығына жақын орналасқан елді мекендердегі ЖШС мен шаруа қожалықтарында өсіріледі.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.