Мақтааралда дала жұмыстарының барысы семинарда пысықталды. Мақтаарал ауданында дала жұмыстарының басталуына байланысты облыстық семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды MediaON.kz. Жиынға аудан әкімі, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Т.Оспанов, қазақмақта ассоциациясы заңды тұлғалардың бірлестігінің төрағасы С.Бақтыбаев, «Қазақ мақта шаруашылығы» ҒЗИ-дың директоры И.Үмбетаев және Мақтаарал мен Жетісай аудандары әкімдерінің ауылшаруашылығы бойынша орынбасарлары, 2 ауданға қарасты ауылдық округ әкімдері, ауыл шаруашылығы мамандары, шаруа қожалықтардың төрағалары қатысты. Жиын барысында сөз сөйлеген аудан әкімі Б.Асанов ауданның негізгі экономикасын ауыл шаруашылығы құрайтын болғандықтан көктемгі дала жұмыстарын сәтті бастау – маңызды қадам екендігін атап өтті. «Биыл ауданымызда 35 мың гектар жерге мақта, 4,5 мың гектарға дәнді дақыл, 100 гектарға күнбағыс, 3,2мың гектарға көкөніс, 11,5 мың гектарға бақша, 6 мың гектарға мал азықтық дақылдары егіледі деп күтілуде.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.