Облыста Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ашылды, оның ғалымдары егістіктерде Қазақстанда аудандастырылмаған өзбек мақтасын ауыстырған бес отандық сұрыпты өсіріп шығарды. Оларды егуге көшу нәтижесінде облыс кірісінің экспорттық баптарының бірі болып табылатын шиті мақта өнімін арттырды.  Осы аталған институттың бас директоры И.Үмбетаев жер құнарлылығын арттырмайынша, жоғары өнiм алу мүмкiн еместiгiн үнемі айтып келеді. Ол үшiн инновациялық технологияларды батыл ендiруге шақырды. – Ең алдымен шаруаларды қолжетiмдi бағада жаңа техника, құрал-саймандармен, сапалы тыңайтқышпен қамтамасыз етуiмiз керек. Бiздiң институт өндiрген жаңа тұқым сорттары Қытай, Түркиядан әкелiнген шиттен артық болмаса кем емес. Тәжiрибелiк алаңға егiлген Қытай мақтасының көсегi бөдененiң жұмыртқасындай ұсақ, майда. Көсегiнiң салмағы 3,5-4 грамнан аспайды. Ал, бiздiң мақтаның көсектерi 5-6 грамнан түсуде. Сондықтан шетелдiң қымбат шитiнен гөрi өзiмiздiң жерсiнген тұқымды көптеп өндiрудiң жолын қарастырайық. Институт мамандары биыл «Мақтаарал – 4017», «Ералиевтi еске алу» деп аталатын жаңа тұқымдық шит шығарып, патент алды. Бұл сорттардың өнiмдiлiгi гектарына 40-45 центнерден түсуде. Мақтаға жемiс-жидек пен бақшаға жасаған жағдайды жасайтын болсақ, мақта олардан да көп табыс бередi, – дейдi И.Үмбетаев.

Еске сала кетейік Түркістан облысы — Қазақстандағы отандық тоқыма өнеркәсібінің дамуының негізін құрайтын шиті мақта өсірілетін жалғыз облыс.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.