АӨК саласын цифрландыру аясында Цифрлық күн тәртібі жасалды. Оған сәйкес бірқатар жұмыстар қолға алынды. Атап айтқанда, цифрландыруға қызығушылығы басым 466 АӨК нысанынан тұратын тізілім жасалды. Бұл тізілім байланыс саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, 2022 жылға дейін Интернет желісімен қамтамасыз етудің Жол картасына енгізілді. Биылғы жылдың соңына дейін ел аумағында өсімдік шаруашылығы бойынша 10-нан аса, ал ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығында 5 шаруа қожалығының «цифрлық» фермасы құрылады деп күтілуде. Жалпы, «цифрлық» ферма деңгейіне жетудің әрбір бағыт бойынша қажетті элементтер телематикасы бар. Мысалы, егін шаруашылығында GPS-трекерлерінің, жанармай шығынын өлшеу датчиктерінің, агрометеобекеттердің, тұқым мен тыңайтқыштарды дифференциалды түрде енгізуді және т.б. қамтитын 11 элементінің болуы қарастырылады. Ал мал шаруашылығында малды индексті бағалау, табынды/үйірді компьютерлік басқару, автоматтандырылған көң шығару жүйесі және т.б. болуы тиіс.  ҚР АШМ берген мәліметтерге сәйкес, егіс алқаптарының электронды карталарын жасау аясында өткен жылы 26 млн га жер немесе жалпы егін алқабының 100%-ы цифрландырылды. Мал шаруашылығын цифрландыру бойынша жайылым алқаптарының электронды карталарының үлесі жыл соңына дейін 80%-ға жеткізілетін болады. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін жаңа өткізу нарықтарын ашу мақсатында импорттаушы елдердің фитосанитариялық және ветеринариялық талаптарымен келісу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі күні агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің 19 түрі Қытай нарығына жеткізіледі. Қой еті, сиыр еті, тірі ІҚМ және союға арналған ҰҚМ, жұмыртқа бойынша Иран мен Біріккен Араб Әмірліктері, балық, майлы дақылдар бойынша Еуропалық Одақ, тірі ІҚМ және союға арналған ҰҚМ бойынша Сауд Арабиясы, сиыр және қой еті бойынша Бахрейн тәрізді жаңа өткізу нарықтары ашылды. АӨК өнімдері үшін шетел нарықтарының қолжетімділігін одан әрі арттыру мақсатында Израиль, Түркия, Кувейт, Оман, Жапония, Оңтүстік Корея, Еуропалық Одақ елдерімен келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.