Түркістан: «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыра бастағаннан бері 40 млрд теңгенің 1322 жобасы мақұлданған

Spread the love

– Жеке көлем индексі былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 100,2% болды. Кезеңімен салыстырар болсақ,  биыл өңдеу өнеркәсіптерінің негізгі салаларында өсудің бар екені байқалады. Азық-түлік  өнімдерін шығару 108,4%-ға, жеңіл өнеркәсіп 152,2%-ға, химиялық өнеркәсіп өнімін шығару 117,3%-ға артқан». 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша ТО-да жалпы 1,2 трлн теңге болатын 135 жобаны іске асыру жоспарланған.  Бұл 17,5 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Басқарама басшысының сөзінше, бүгінгі күні ИИДМБ аясында 47,7 млрд теңгенің 49 жобасы іске асырылып, 1900 жұмыс орны құрылған. Оның ішінде биылғы жылы 2,3 млрд теңгенің бес жобасы жүзеге асқан. Бұл – вафли өндіретін «Рахат Шымкент» ЖШС (850 млн теңге), жүгері өңдейтін зауыт «Азия Агро»ЖШС (619 млн теңге), қалдықтарды өңдеу және төменгі қысымды құбыр өндіру кәсіпорны «Сырлы Созақ» ЖШС(222,9 млн теңге), «Белла жиһаз» ЖШС (550 млн теңге), газды бетон өндіру кәсіпорны «Отырабат-Құрылыс» ЖШС-ны (120 млн теңге) құру жобалары. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыра бастағаннан бері 40 млрд теңгенің 1322 жобасы мақұлданған. 2017 жылдың сегіз айында негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 266 млрд теңге болған, оның ішіндегі сыртқы инвестиция 48,5 млрд теңге болып, жалпы санның  18,2%-ын құраған.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *