«Біздің негізгі мақсатымыз — кәсіпкерлердің басын қосып, оларды жұмылдыру арқылы облыстың экономикасын көтеру. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған барлық бағдарламаларды көрсетіп, түсіндіру. Бәсекелестікке үйретіп, оларды оқыту. Сонымен бірге, Елбасы айтқандай Түркістан қаласын барлық салалар бойынша көтеріп, ондағы шағын және орта бизнесті көтеру. Ол үшін біздер Астана мен Алматыдағы озық тәжірибелерімізді Түркістанда қолданып, шаһарды халықаралық деңгейдегі қалаға айналдыруға барынша атсалысамыз», — деді өңір басшысы. Айта кетейік, ҚР «Атамекен» ҰКП бұйрығымен Кәсіпкерлер палатасы Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы болып қайта өзгертілген болатын. Мұнда жобаларды сүйемелдеу, кәсіпкерлердің құқығын қорғау, қаржылай емес қолдау бөлімдері кәсіпкерлерге қызмет ететін болады. Сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы да іске қосылған. Бұрынғыдай кеңесшілермен ұсынатын қызметтердің көпшілігін онлайн режимінде алуға болады. Кәсіп үйренемін деушілерге кәсіпкерлік негіздерін үйрететін бизнес мектеп те жұмыс істейді. «Палатаның Түркістан облысының кәсіпкерлеріне үлкен қолдау көрсетеді деген үмітіміз бар. Басты мақсатымыз кəсіпкерлікті дамытуға жəне қолдауға, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, үкімет пен билік өкілдері арасында іскерлік келіссөздерді күшейтуге, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу процесінде кәсіпкерлерді тартуға бағытталған», — деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Каржауов.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.