ТҮРКІСТАН: БАС ДӘРІГЕРЛЕР АТТЕСТАТТАУДАН ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан облысында бас дәрігерлердің біліктілігін арттыру, тәжірибесін шыңдау және сынақтан өткізу бағытында тұрақты түрде жұмыс атқарылып келеді. Бүгін облыс орталығында «Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігіне аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес аттестаттау өтті. Комиссия төрағасы облыс әкімінің орынбасары Арман Сабитов болды.
Комиссия бақылаушыларының қатарында Түркістан облысының мәслихат депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А.Сәлімов, Түркістан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы Т.Төлеев бар. Ал комиссия мүшелерінің құрамына Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.Пашимов, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Д.Тагибаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ ТО бойынша филиалының директоры А. Бейсенбаев, Түркістан облыстық санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Н.Нышанов, «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» Түркістан облысытық филиалының директоры А.Қарабаев енгізілген.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың аттестациялауы 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең тестілеу болса, екіншісі – әңгімелесу. Жалпы 21 бас дәрігері білімдерін тексеруде. Бүгінгі таңда 7 қызметкер аттестаттаудан өтті. Келесі аптада қалған қызметкерлер өтеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.