Түркістан облысы жері құнарлы, табиғаты жайлы болғандықтан жыл сайынғы өнімдер молынан береді. Республика бойынша ауыл шаруышылығы саласынан алдыңғы қатарда екені де бәріне мәлім. Облыс өнімдерін тек Қазақстан бойынша ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шетелге де шығарылатыны белгілі.

Өңірімізде барлық дерлік аудандар халқы ауыл шаруашылығымен айналысады. Солардың бірі – Бәйдібек ауданы. Мәліметтерге сүйенер болсақ, аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 5893,2 млн. теңгені құрап, салыстырғанда 112,5 пайызға артқан. Бұл шаруалардың жетістігі. Оның ішінде мал шаруашылығының өнім көлемі  114,3 пайызды (5806,8 млн теңге) құраса, өсімдік шаруашылығының өнім көлемі 55,3 пайыз болды, яғни 86,4 млн теңге.

Аудан бойынша мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді пайдаланып, өз кәсібін домалатып жүргендер баршылық. Мәселен,  ауданда 25 кооператив құрылды. Атап айтар болсақ, «Ержан», «Бердібай», «Қуаныш»,«Байтах» өндірістік кооперативі, Жеке кәсіпкер «Н Сихимбаев», жеке кәсіпкер «Алшынбаева», «Құбылай» және «Арыстанды KZ» кооперативтері қой, асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылықтары жұмыстарын ж.ргізіп жатыр.

Ауыл шаруашылығы жұмыстарын жандандыру мақсатында ауданда жаңа бастамалар жүзеге асурылуда.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.