«ҚазАгро» ұлттық холдингі желісі бойынша агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) қаржыландыру жүйесіндегі бірқатар маңызды өзгерістер болған екен. Жалпы, осы жаңа ережелер саланы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін жоғарылатуға және елдің ауыл тұрғындары үшін несие ресурстарына қолжетімділікті және барынша қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Біріншіден, «ҚазАгро» холдингі құрылымы арқалы қорландыруға қатысты жеңілдікті шағын несиелеуді шағын қаржы ұйымдары мен несие серіктестері арқылы алуға болады.

Екіншіден, жұмыстарын жаңа бастаған кәсіпкерлердің кепілдік проблемасын «ҚазАгроКепіл» (КазАгроГарант) арқылы қарыздарды кепілдендірудің жаңа жүйесі шешуге көмектеседі.

Үшіншіден, инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтінімдерді Аграрлық несие корпорациясы қабылдайды.

Қазіргі жағдайда «ҚазАгро» холдингімен 5,4 мың несие берілді, 12 мың адам жұмыспен қамтылды.  Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында ҚазАгроның несие қоржыны  582 млрд. Теңге болды.  Холдингтің клиенттері 53 мың қарыз адам.

Холдингпен агросекторды несиелеудің жалпы көлемінің  85%-ы шағын және орта бизнес субъектілеріне тиесілі. Холдингтің шағын несиелеу нарығындағы үлесі 94% болса, ауылшаруашылық техникасының лизингі нарығындағы үлесі – 72%.

Алайда, ауыл шаруашылығында қаржыландырудың барлық проблемалары шешілді деп айту ерте.  Осы уақытқа дейін әлеуетті қарыз алушылардың кеңейтілген тобы үшін ауылдық жерлерде несие ресурстарына қолжетімділік мәселесі ашық күйінде қалып отыр.   Бұл мәселені тежеуші факторлардың бірі – көптеген ауыл тұрғындарының қажет кепілзаттарының жетіспеуі немесе болмауы.

Осы проблеманы шешу үшін «ҚазАгро» ұлттық холдингі ауылдағы бизнесті несиелеу процессіне жеке қаржы құрылымдарын – Шағын қаржы ұйымдары мен Несие серіктестіктерін тарту бағдарламасын әзірледі. Бұдан басқа, Холдинг әсіресе ауылдағы жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ыңғайлы шағын қарыздарды кепілдендіру жүйесін енгізеді, ол шағын бизнеске кепілзатпен проблемасы болған кездің өзінде несие қаражатын алуға және өз ісін бастауға мүмкіндік береді. Жаңа схема өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту  бағдарламасы шеңберінде әзірленді, оны іске асыруға НС және ШҚҰ арқылы 6% мөлшерлемемен 11 млрд.теңге қарастырылған.   Мемлекет атынан «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдік етеді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.