АӨК-те мемлекеттік саясатты іске асыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы АӨК-нің тұрақты экономикалық өсіміне жәрдемдесу. Несиелік өнімдердің барлық желісін оңтайландыру экожүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Шығынсыз қызметті қамтамасыз ету үшін стандартты бизнес жоспар және ауыл шаруашылығында бизнесті жүргізу жөніндегі толық нұсқаулық ұсынылатын болады. Бүгінгі таңда Холдингтің инвестициялық портфелінде құны 611 млрд теңге болатын 776 инвестициялық жоба бар, оның ішінде 2019 жылы жалпы сомасы 84 млрд теңгеге 56 жоба қаржыландырылды. Холдингтің еншілес компаниялары төмендегілерді қаржыландырылды:

  • 170 мың бас ірі қара мал, 545 мың ұсақ мал басын сатып алу;
  • 10 сүтті-тауарлы ферма ашу;
  • 36 тонна құс етін өндіретін 2 құс фабрикасы;
  • 10 бақша мен 11 жылыжай, оның 5-еуі суару жүйесін қолданумен;
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 10 жоба;
  • 4 млн га жерге себілді;
  • лизингке шамамен 5,9 мың бірлік техника берілді.

Белсенді түрде несиелендірудің нәтижесінде Холдингтің несиелік портфелі жыл сайын артып келеді, бүгінде ол 887 млрд теңгеге жетті, ал қарыз алушылар саны 77 мыңнан асты.  Бұл ретте Холдингтің негізгі басымдықтары ауылды жерлерде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және несие беру арқылы ШОБ-ты қолдау болып қала бермек. Мәселен, соңғы 3 жылда Холдинг 38 539 жаңа жұмыс орнын құруға жәрдем көрсетті. Шағын және орта бизнес үшін ерекше жыл болды, себебі ШОБ-ты дамытуға баса көңіл бөлінді. ШОБ несиелендіру көлемі 232 млрд теңгеден 437 млрд теңгеге дейін 2 есеге жуық артты, осылайша барлық несие қаражаттарының шамамен 98%-ы бизнестің осы сегментіне бағытталды.  Соның нәтижесінде  шағын және орта бизнестің қаржыландырылған кәсіпкерлерінің саны 21%-ға немесе 5277 жобаға артты.  Оған қоса ұзақмерзімді займдар үлесі 86%-ды құрады, ал 1 қарыз алушыға несиенің орташа мөлшері — 18 млн тг. Ірі бизнесті қаржыландыру үлесі тек 2%-ды құрады, сонымен қатар ірі жобалардың саны 102 жобадан 32 жобаға дейін қысқартылды.  Холдингтің 2016-2020 жылдарға арналған бекітілген даму жоспарына сәйкес, биыл жалпы сомасы шамамен 391 млрд теңгеге АӨК қаржыландыру көзделген.  Оның ішінде етті мал шаруашылығына – 38,3 млрд теңге, сүт фермаларына – 14,7 млрд теңге, құс шаруашылығына – 10 млрд теңге, бағбаншылыққа – 5,7 млрд теңге, жылыжайларға – 44,2 млрд теңге, қайта өңдеуге – 6,2 млрд теңге, көктемгі егіс жұмыстарына – 70 млрд теңге, несиелік серіктестікті және микроқаржы ұйымдарын қорландыруға – 28,6 млрд теңге, ауыл шаруашылығы техникаларының лизингіне – 82 млрд тг, айналым қаражаттарына – 25 млрд теңге және шағын несиелендіруге – 66,3 млрд теңге. Мал шаруашылығын дамытуды қаржыландыру бойынша аталған жоспарларды жүзеге асыру 156 мың ІҚМ басын, 160 мың ІҚМ басын сатып алуға, 46 мың тонна сүт шығаруға 9 сүтті-тауарлы фермаларды құруға және 30 мың тонна құс етін өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.  Өсімдік шаруашылығын дамыту үшін 400 га бақ, 1500 га суармалы жер, 40 га жылыжай құрып, 120 мың тонна өнімді қайта өңдеуді ұйымдастырып, 3 млн га жерге көктемгі егіс жұмыстарын жүргізіп, 4,5 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қажет.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.