Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жер ресурстарын тиімсіз пайдалану мәселесі өте өзекті екенін, жерді жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отырғанын айтты.   «Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс… Бұл – өте маңызды мәселе. Мұны шешпей, отандық агроөнеркәсіп кешенінің сапалы дамуы мүмкін емес», — деген еді Қ. Тоқаев. Президент Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін өндірістік қызметке тарту және оларды алып қою жөніндегі тиісті тетіктерді (қажеттігіне қарай) күшейтумен жұмысты жандандыру жөніндегі 43-тармағын орындау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Жер туралы кодексіне, Кәсіпкерлік кодексіне және Салық кодексіне тиісті түзетулер әзірледі. Аталған түзетулер ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару бойынша тексеру кезеңдерін және мерзімдерін қысқартуды көздейді. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді алып қоюдың жаңа тетігі көзделді, яғни бақылау субъектілеріне бармай, профилактикалық бақылау жүргізу ұсынылады, ол бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай, жерді қашықтықтан зондтау (ғарыштық мониторинг) деректері негізінде жер учаскесін жалға беру шарттарын бұзу жолымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін қайтаруды көздейді. Сонымен қатар, бұл түзетулерде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін жиырма еседен асырмай ұлғайту қарастырылған. Ұялы байланыс арналары бойынша хабарламалар жіберу арқылы, сондай-ақ хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, тексеру субъектісін хабардар ету рәсімін автоматтандыру көзделген.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.