Мал шаруашылығы саласында мемлекеттік қолдау шараларының көлемі артты ‒ ауыл шаруашылығы саласын қолдау үшін республикалық бюджеттен 119,4 млрд теңге бөлінді.

Мал шаруашылығында жалпы өнім көлемі 3,9%-ға артты, оның ішінде ет өндіру ‒ 5,5%-ға, сүт өндіру ‒ 3,2%-ға өсті. Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі мал шаруашылығындағы бағдарламалардың сәтті іске асырылуына байланысты болды. Бүгінде озық технологияларды енгізуді және экспорттық өнімдер шығаруды көздейтін жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету қарастырылған. Атап айтқанда, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында селекциялық және асыл тұқымды ірі қара мал, ұсақ қара мал шаруашылығына жұмсалатын шығындарды арзандату көзделген. Оның ішінде, отандық және шетелдік шаруашылықтардан асыл тұқымды ірі қара мал, ұсақ қара мал, шошқа, түйе, марал сатып алуға жұмсалатын шығындар азайтылады. Ал асыл тұқымды малды өсіру және тарату орталықтарындағы жасанды ұрықтандыру үшін қолданылатын арнайы техникалық құрал-жабдықтарға жұмсалған шығындардың 50%-ына дейін өтеу қарастырылған. Сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында бұқаларды бордақылауды, қозы, шошқа, жылқы, түйе, құс еттерiн, жұмыртқа, сүт, жүн өндірісін, жем құнын арзандату көзделген.  Қайта өңдеу кәсіпорындарының құрғақ сүт, сары май және ірімшік өндіру үшін шикізат сатып алу шығындарын субсидиялау бағдарламасы бойынша жыл сайын 85-тен астам сүт өңдеу кәсіпорындары қаржылай қолдаумен қамтылған. Бұл ретте, биыл осы мақсатта шикізат сатып алу шығындарын қаржыландыруға 6,4 млрд теңгеге өтінім түскен. Қазіргі таңда оның 5,2 млрд теңгесі немесе 80,6%-ы игерілді. Субсидиялауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.  Осы жылы 80,9 мың бас ірі қара мал сатып алу үшін 824 шаруашылыққа кредит берілді, өткен жылдың осындай кезеңінде 48,2 мың бас сатып алуға 503 шаруашылыққа кредит берілген болатын. Ал 1002 шаруашылыққа 353,3 мың бас көлемінде ұсақ аналық мал басын сатып алуға кредит берілді, бұл 2018 жылдың 11 айымен салыстырғанда 217 мың басқа және 603 шаруашылыққа көп. «Ырыс» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері жалпы саны 4330 басқа арналған 5 өнеркәсіптік тауарлық сүт кешені және 712 басқа арналған 8 отбасылық тауарлық сүт фермасы іске қосылды (2018 жылы — 6 мың басқа арналған 18 отбасылық, 7 өнеркәсіптік тауарлық сүт фермасы). «Нұрым групп» ЖШС, Түркістан облысы — мал орнын 10 мыңнан 15 мыңға дейін кеңейту). Есепті кезеңде салаға 379,4 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 37%-ға көп. Өсім «ҚазАгро» холдингінің кредиттік өнімдерін іске асыру арқылы қамтамасыз етілді. Мәселен, ағымдағы жылдың 11 айында несие беру көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 25,4%-ға артып, 390,1 млрд теңгені құрады 92,3 млрд теңге сомасына 565 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын лизингке алуға шарт жасалды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 60,8%-ға көп. Бұдан басқа, қазіргі уақытта шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы $3 млрд астам қаражатқа барлығы 30-ға жуық ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Жобаларды қаржыландыру инвесторлардың өз қаражаты есебінен де, екінші деңгейлі банктер мен «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниялары арқылы да жүзеге асырылуда. Өсімдік шаруашылығы саласында жанар-жағармайдың және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау (бюджетте қарастырылған қаржы көлемі – 7,9 млрд теңге) көзделген.  Тұқым шаруашылығын дамытуды қаржыландыру ‒ 9,5 млрд теңгені, тыңайтқыштар құнын субсидиялау ‒ 19 млрд теңгені, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтер құнын субсидиялау ‒ 27,4 млрд теңгені құрады. Жеміс-жидек және жүзімнің көпжылдық көшеттерін егу және өсіру шығындарының құны 291,2 млн теңге көлемінде субсидияланды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу қызметінің құнын субсидиялау көлемі 1,5 млрд теңгені құрады. Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік кешенді қаржылай емес қолдау шаралары қарастырылған. Ондай шаралар қатарына ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, консультациялық қызметтер көрсету, АӨК субъектілеріне және қаржы институттарына әдістемелік және білім беру қолдауын көрсету жатады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.